- Басты
- Жаңалықтар
- Енді РНН мен СИК қолданылмайтын болды
Енді РНН мен СИК қолданылмайтын болды
ҚР ҚМ Салық комитетінің салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі басқарма бастығы Ерлан Хасенов BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында СТН мен ӘЖК-ден бас тартқаннан кейін қандай өзгерістер күтіп тұрғанын түсіндіріп берді.
«Заң бұрын қабылданып қойған, оны іске асыру 2010 жылдан бастап ұзақ мерзімге кейінге қалдырылып келді. Бүгінде Салық комитеті, Қаржы министрлігі және өзге де мемлекеттік органдардың барлық ақпараттық жүйелері штаттық режимде жаңа үлгіде жұмыс істеп жатыр. Қандай да бір проблема – ЖСН немесе БСН-нің сәйкессіздігі туындаған жағдайда салық органдары шұғыл түрде азаматтарға туындаған мәселелерді шешуге көмектеседі», - деп атап өтті Ерлан Хасенов.
Оның айтуынша, сәйкессіздік кездескен жағдайда оны реттеуге Ішкі істер министрлігі жауапты болмақ. Құжаттарды ІІМ ҚР азаматтарына, Салық комитеті резидент емес тұлғаларға береді. Сонымен бірге ол кейбір азаматтардың жеке куәлігінде сәйкестендіру нөмірі бар екенін, ондай нөмірі жоқ азаматтарға ЖСН алу туралы куәлік берілетінін атап өтті.
«Жеке куәлігінде ЖСН көрсетілмеген азаматтар ХҚКО-ға жүгіне алады, оған жеке куәлігін берген соң, ЖСН нөмірі бар анықтама беріледі», - деп атап өтті ол.
Ерлан Хасеновтың сөзіне қарағанда, 1997 жылға дейін берілген жеке куәліктерде ЖСН туралы мәлімет жоқ. 2007 жылға дейін берілген туу туралы куәліктерге де ЖСН туралы мәлімет енгізілмеген. Балаларға ЖСН тек шот ашқанда және оның атына қандай да бір жылжымайтын мүлік тіркелгенде ғана қажет.
«Барлық банктерге хабар берілді, біз Ұлттық банкпен және екінші деңгейлі банктермен қажетті жұмыстарды жүргіздік. Оларға күн сайын ЖСН мен БСН базасы бойынша жаңартылған мәліметтерді жіберіп отырамыз. Жеке куәлік пен сәйкестендіру нөмірі сәйкес келмей жатса, банк жұмыс тәртібімен бізге ақпарат береді. Содан кейін азамат ЖСН алу үшін тұрғылықты жері бойынша салық органына немесе ХҚКО жүгіне алады», - деп түйіндеді басқарма бастығы.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері