Қапшағайда этномәдени бірлестіктер арасында байқау өтті

6 Маусым, 2014 09:13
Алматы облысының Қапшағай қаласында этномәдени бірлестіктер арасында «ҚР мемлекеттік рәміздері туралы» заңнамасын қаншалықты меңгергенін білу мақсатында байқау өтті.

Байрақты бәсекені Алматы облысының Әділет басқармасы, «Жастар» жастар орталығы мен Студенттер одағы бірлесіп ұйымдастырды. Сайыста славянь, корей мен ұйғыр этномәдени бірлестіктері бақ сынады.

Доданың мақсаты -патриотизмді арттыру, мемлекеттік рәміздердің мағынасын түсіндіру және оларды дәріптеу. Сонымен қатар, Отан сүйгіштікке тәрбиелеп, мемлекеттік рәміздерді қадірлеп, құрметтеу керек екенін насихаттау, деп Алматы облысының әділет басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Конкурс қорытындысы бойынша қатысушыларға бағалы сыйлықтар тарту етілді.

 

 

Барлық жаңалықтар