- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев түркі әлеміндегі туризмді дамытуда Ұлы Жібек жолы брендін пайдалануды ұсынды
Н.Назарбаев түркі әлеміндегі туризмді дамытуда Ұлы Жібек жолы брендін пайдалануды ұсынды
Өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев түркі әлемін дамытуға серпін беретін төрт бағытты айрықша атап көрсетті. Ол Қазақстанның тұңғыш Президенті ретінде түркі елдерінің экономикалық әлеуетіне тоқталды.
«Алты тәуелсіз елдің ЖІӨ жалпы көлемі 1 триллион 200 миллиард доллардан асады. Сонымен қатар, Қазақстанның сыртқы сауда айналымының өзге 5 елмен арадағы үлесі 6 пайызды құрайды. Сол себепті біз жалпы экономикалық әлеуетімізді арттыруымыз керек», - деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президенті түркі елдеріне жаңа мүмкіндіктер ұсынатын транспорттық мүмкіндіктерді де оңтайлы пайдалану қажеттілігін алға тартты.
«Қазақстанда «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізі құрылысы аяқталуға жақын. Биылғы жылдың соңында Парсы шығанағына шығатын Иран мен Түрікменстан бағытындағы темір жол құрылысы да аяқталмақ. Келер жылы біздің аймағымызбен өтетін Қытай мен Каспий теңізін жалғайтын темір жол құрылысы тәмамдалады. Сонымен қатар, біз Ақтау портының да қуатын арттырамыз. Осы орайда Ақтау, Баку мен Самсун порттары арасындағы ынтымақтастықты дамыту қажет», - дейді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, жаңа мүмкіндіктер Еуразиялық экономикалық одақты құруға жол ашып отыр. Соның арқасында түркі елдерінің іскерлік орталары Қазақстанда кәсіпкерлік аша отырып 170 млн-дық нарыққа қол жеткізеді.
Қазақстан Президенті түркі елдерінің туристтерді тартуға көңіл аударуы елдің әлеуметтік жағдайына оң ықпал ететінін айтты.
Мемлекет басшысы Ұлы Жібек жолының брендін пайдалана отырып және бірлескен өнім шығарып түркі әлеміндегі туризмді дамытуды ұсынды.
Сөз соңында Мемлекет басшысы Түркі кеңесінің келесі саммитінің тақырыбына қатысты өз ұсынысын жеткізді. Ол мүше мемлекеттердегі ақпараттық кеңістік пен бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін дамытудың маңыздылығын атап өтті.
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Жақыпбек Алтайұлы, философ, профессор: Абай аты мен мұрасы - қазақтың бренді -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Тоқаев: Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ғажайып ерлігі халқымыздың жадында мәңгі сақталады -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
COVID-19: Ұлыбритания, Чехия және Польша шектеу шараларын жеңілдетті, ал Болгарияда ТЖ режимі ұзартылмақ