Елбасы Түрікменстан Президентімен кездесті

5 Маусым, 2014 17:54
Бүгін Түркияға жұмыс сапары аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың Түрікменстан Президенті Гурбаганұлы Бердімұхамедовпен кездесуі өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде екіжақты қатынастың алдағы даму болашағы мен 2013 жылы Гурбаганұлы Бердімұхамедовтың Қазақстанға мемлекеттік сапары нәтижесінде қол жеткізген келісімді іске асыру барысы талқыланды. Сонымен қатар, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Мемлекет басшылары сауда-экономикалық, мұнай-газ, транзитті-транспорттық, мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайту мен шекаралас ынтымақтастық аспектілерін талқылады.

Қос ел басшыларының айтуынша, қазіргі сауда-экономикалық әлеуетіміз толықтай қолданылуда. Осыған орай өзара сауда айналымын арттыру жұмыстарын жандандырған жөн.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов «Қазақстан-Түрікменстан-Иран» темір жолы құрылысының аяқталуы үш ел арасында солтүстік және оңтүстік бағыттағы жүк айналымын арттырмақ. 


 

Барлық жаңалықтар