ЕАЭО аясында дәрі-дәрмектердің ортақ нарығы қалыптасады

5 Маусым, 2014 18:29
Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім-шартқа сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап тиісті фармацевтикалық тәжірибе стандарттарына сай келетін дәрілік құралдардың ортақ нарығы қалыптасады.

Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы келісім-шартты іске асыру барысында дәрілік құралдар мен медициналық бұйымдар айналымының ортақ қағидалары мен ережелерін анықтайтын Келісімдер әзірленеді. Келісімді одаққа мүше елдер 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін бекітуі тиіс, деп денсаулық сақтау министрлігінде хабарлады.

Қазіргі уақытта келісім-шарт жобалары әзірленіп, тараптардың жұмыс топтарында келісіліп жатыр.

Дәрілік құралдар айналымының ортақ қағидалары мен ережелері туралы келісім-шарт тараптар аумағында өндірілген, GХP фармацевтикалық стандарттарына сай келетін дәрілік құралдарға ғана таралады. 

GХP - фармацевтикалық өнім сапасының әлемде танылған стандарттары. 

Бұл шара аталған стандарттарға сай өндірілген дәрілік құралдардың ортақ нарықта еркін айналымына қажетті зертханалық сынақтар мен құжаттамаларды өзара мойындауға жағдай жасайды. 

Осылайша, стандартарға сай дәрілік құралдар ЕАЭО елдері нарығында қосымша құжаттарсыз және сынақтарсыз еркін айналымда болады. 

Қазақстанның болашақта Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше болатыны, тиісінше бәсекелестіктің күшейетіні ескеріле отырып, фармацевтикалық зауыттарды аталған стандартарға біртіндеп көшіру жөнінде шешім қабылданды. Қазақстанның ірі өндірушілері қазірдің өзінде GMP - тиісті өндірістік тәжірибе стандартына ие болған немесе оны алу шараларын жүргізуде.  

Барлық жаңалықтар