• Басты
  • Жаңалықтар
  • Еуразиялық интеграцияны дамытуда үш негізгі басымдыққа сүйенуге болады – М. Әшімбаев

Еуразиялық интеграцияны дамытуда үш негізгі басымдыққа сүйенуге болады – М. Әшімбаев

5 Маусым, 2014 16:22
Еуразиялық интеграцияны дамытуда үш негізгі басымдыққа сүйенуге болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев мәлімдеді.

«Бірінші кезекте еуразиялық интеграция Қазақстанның тәуелсіздігін қамтамасыз ете отырып дамиды. Сондай-ақ, егемендікке де нұқсан келтірмей  аймақтық құндылықтарды сақтай отырып дамитындығы мәлім. Бұл негізгі басымдылық», - деді М. Әшімбаев.

Келесі басымдылық депутаттың пікірінше,экономикалық прагматизм. М. Әшімбаев атап өткендей, «КО, ЕАЭО  аясындағы қарым-қатынас геосаяси немесе саяси мақсатта емес экономикалық мақсатта ғана жүзеге асады».

«Үшінші басымдылық – көпбағыттылық. Қазақстанда стратегиялық және мықты серіктестер бар ол көп жылдар бойы олармен тығыз қарым-қатынас орнатқан», - деді Әшімбаев.

Динара Сүгірбаева

Барлық жаңалықтар