• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда 5 мыңға жуық бірлескен қазақстандық-ресейлік ШОБ нысаны жұмыс істейді

Қазақстанда 5 мыңға жуық бірлескен қазақстандық-ресейлік ШОБ нысаны жұмыс істейді

5 Маусым, 2014 16:09
Қазақстанда 5 мыңға жуық бірлескен қазақстандық-ресейлік шағын және орта кәсіпорындар жұмыс істейді. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев мәлім етті.

«Ресей өзара жан-жақты әріптестік орнатуда біздің  маңызды серіктесіміз болып табылады. Екі ел арасындағы тауар айналымы соңғы жылдары белсенді артып келеді. Бүгінде тауар айналымымыз 23,5 млрд. АҚШ  долл. құрады. Бізде бірлескен жобаларымыз көп», - деді М. Әшімбаев.

Жалпы, Қазақстанда ресейлік компаниялармен бірлесіп 6 млрд. долл. тұратын 50-ге жуық жоба жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, 5 мыңға жуық  бірлескен қазақстандық-ресейлік шағын және орта кәсіпорындар жұмыс істейді. «Осы ретте біздің стратегиялық қарым-қатынасымызды нығайтуда ЕАЭО маңызды механизм болып табылады», деді депутат.

Бұдан басқа, ол соңғы 5 жылда қазақстанның КЕ мүше елдермен тауарайналымы 88%-ға артты. Ал, одақтас елдерге экспорт көлемі 70%-ға өсті , деп атап өтті.

«Негізі, Қазақстан өзі үшін маңызды елдермен қарым-қатынасын одан ары дамыта бермек», - деп депутат сендірді.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар