Ш.Саймова: 29 мамыр - еуразиялық интеграцияның жаңа дәуірі басталған күн

5 Маусым, 2014 19:02
2014 жылдың 29 мамырында еуразиялық интеграцияның жаңа дәуірі басталды, дейді PhD докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ заң факультетінің аға оқытушысы Шолпан Саймова.

«Еуразиялық экономикалық одақ – біздің елге серпін береді, қазақстанның өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы мен қызмет көрсету саласының дамуында Ресей мен Беларусь нарығына жол ашады», - дейді Ш.Саймова.

Сонымен қатар, ол Еуразиялық экономикалық одақтың географиялық орналасу жағдайының да артықшылықтарына тоқталды.

«ЕАЭО негізгі экономикалық әсер етуші орталыққа айналады. Ол Еуроодақ пен Қытай арасын жалғай отырып Еуропа мен Тынық мұхиты өңірлеріндегі сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға серпін береді. 2014 жылдың 29 мамырында әлемдік деңгейде Еуразиялық одақтың құрылуы Еуразиялық интеграцияны жаңа деңгейге көтергені анық», - дейді PhD докторы.  

Барлық жаңалықтар