- Басты
- Жаңалықтар
- ҚОСРМ, МГМ және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ынтымақтастық меморандумын бекітті
ҚОСРМ, МГМ және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ынтымақтастық меморандумын бекітті
«Өзенмұнайгаз» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны) өзінің келісімшарттық аумағында орналастырылған 1 288 355 м3 қалдықтарын кәдеге жарату мен өңдеуді, сондай-ақ, аталған аумақтағы мұнай өндірісі өнімдерімен ластанған 252 850 м3 жерді қалпына келтіру шараларын жүргізу арқылы компания қызметінің қоршаған ортаға тигізетін теріс әсерін азайтады, деп қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде хабарлады.
ҚР ҚОСРМ экологиялық заңнама талаптарының сақталуын бақылап, қоршаған ортаға тиетін теріс
әсерді азайту жөніндегі іс-шаралардың іске асырылу барысын үйлестіреді, сондай-ақ, «Өзенмұнайгаз» компаниясы тарапынан жоспарланған табиғатты қорғау шараларының толық орындалуын қадағалайды.
ҚР МГМ жер қойнауын тиімді пайдалану саласындағы үздік технологияларды, оның ішінде қалдықтарды өңдеу технологияларын сатып алуға және жер құнарлығын қалпына келтіру технологияларын енгізуге қолғабыс тигізеді.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ экологиялық талаптардың, қолданыстағы стандарттардың, техникалық талаптардың және қоршаған ортаның сапалық нормативтерінің бұлжымай орындалуын, жүргізілетін іс-шаралардың қаржыландырылуын (жалпы құны 15 миллиард теңгеге дейін), Өзенмұнайгаз» АҚ тарапынан Іс-шаралар жоспарының орындалуы мен тоқсан сайын есеп берілуін қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өз қаржысы есебінен қалдықтарды өңдеу және жер құнарлығын қалпына келтірудің озық әдістері мен технологияларын тарту, сатып алу және енгізуді, сондай-ақ, кен орындарындағы өндіріс қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын ескере отырып, экологиялық жобалардың дер кезінде іске асырылуын қамтамасыз етеді.
Меморандум аясында жоспарланып отырған іс-шаралар мен жобалар 2014 және 2021 жылдар аралығында жүргізілмек.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция