• Басты
  • Жаңалықтар
  • Әр аймақ үшін «жемқорлық тәуекелінің төлқұжаты» жасақталды - Қаржы полициясы (Брифинг бейнебаяны)

Әр аймақ үшін «жемқорлық тәуекелінің төлқұжаты» жасақталды - Қаржы полициясы (Брифинг бейнебаяны)

5 Маусым, 2014 13:34
Бүгін ОКҚ өткен брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Марат Ахметжанов, әр аймаққа «жемқорлық тәуекелінің төлқұжаты» жасақталды, деп ағынан жарылды.

«Қылмысты алдын-алу үшін біз әр аймақта «жемқорлық тәуекелінің төлқұжатын» жасақтадық. Нәтижесінде, өткен жылдың басынан бері тек мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында 500 қылмыс әшкереленді», - деді М. Ахметжанов.

Сонымен қатар, ол  мемлекетке 6 млрд теңгеден астам сомаға шығын келтірілгенін тілге тиек етті.

«Айта кетерлік жайт, біздің қызметіміздің басты мақсаты кәсіпкерлердің құқығын қорғау және оларға түсетін  әкімшілік салмақты азайту», - деп ол баса айтты.

Мадина Нұрбекова 

 

Барлық жаңалықтар