Қарағандыда 91 метрлік тутұғыр орнатылды

5 Маусым, 2014 14:48
Қарағандыда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні тутұғырдың салтанатты ашылуы өтті.

Дәл осы күні кеншілер шаһарының ең көрікті жерінде биіктігі  91-метрлік тутұғыр орнатылды, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақ басшысы Бауыржан Әбдішев жиналған жұртшылықты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады. 

«Мемлекеттік рәміздер – елдің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін Тәуелсіздіктің мызғымас негізі. Рәміздердің болмысы мен бітімінде Елбасымыздың жүргізіп отырған саясатының құндылықтары тұнып тұр. Бұл – Тәуелсіздік, бейбітшілік, еркіндік және келісім. Еліміздің мемлекеттік рәміздері біздің өткен тарихымыздың бейнесін айғақтайды»,- деді облыс әкімі.

 

Барлық жаңалықтар