- Басты
- Жаңалықтар
- Қаржы полициясы тексеріс жүргізу тәртібі мен шартын дайындады – М.Ахметжанов
Қаржы полициясы тексеріс жүргізу тәртібі мен шартын дайындады – М.Ахметжанов
«Бірқатар ұйымдастыру шаралары қабылданды: аймақтық бөлімшелерге бірінші кезектегі шараларды өткізудің жан-жақты тәртібі мен шарты дайындалды. Анонимді хаттар бойынша тексеріс жүргізуге, кәсіпкерлер арасындағы азаматтық-құқықтық қатынастарға араласуға, кәсіпкерлік қызметтерді тоқтатуға тыйым салынды. Осы негіздер бойынша қолға алынған тексерістер жыл санап азайып келеді», - дейді М.Ахметжанов.
Сонымен қатар, тексерістердің азайғанын растайтын статистикалық мәліметтерді атап өтуді де ұмыт қалдырмады.
«2011 жылы 1715 тексеру шарасы ұйымдастырылса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 1009-ға азайды. Ал 2013 жылы жүргізілген тексеріс саны 340-қа бір-ақ азайды. Демек, бүгін баламалы мүмкіндіктер де бар. Біз нақты уақыт режимінде бақылап, қандай өтініштің тіркелгенін, ол бойынша қандай тексерістердің жүргізілгенін анықтай аламыз. Және де қандай негізбен ұйымдастырылғанын да біліп отырамыз. Осылайша кеңседе отырып барлық тексерістерге мониторинг жасай береміз», - дейді агенттіктің төраға орынбасары.
Сонымен қатар, М.Ахметжанов Қазақстанда кәсіпкерліктерді негізсіз тексерістерден қорғайтын механизмнің бар екенін де еске салды.
«Жоғарыда аталған өтініштер бақылаушы органдар тарапынан қаралады. Қазақстанда кәсіпкерліктерді негізсіз тексерістерден қорғайтын және оларды негізсіз қылмыстық жауапкершілікке тартудан сақтайтын механизм бар. Сол себепті бұл құқық қорғау органдарына сенімді арттыратын бірден бір жағдай бола отырып, мемлекеттік биліктің мерейін үстем етеді», - дейді ол.
Оның айтуынша, қазіргі таңда кәсіпкерлік қызметтерге лауазымды тұлғалардың заңсыз араласуы фактілеріне тосқауыл қою жұмыстары жүргізілуде.
«Қазіргі таңда елімізде кәсіпкерлік қызметтерге лауазымды тұлғалардың заңсыз араласуы фактілеріне тосқауыл қою жұымстары жүргізілуде. 2013 жылы шағын және орта кәсіпкерліктерге шенеуніктер тарапына негізсіз жасалған тексеріс пен өзге де қызметтеріне араласудың 2014 фактісі тіркеді. Бұл мәселеде біз Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен белсенді жұмыс атқарудамыз», - дейді М.Ахметжанов.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері