- Басты
- Жаңалықтар
- Сенат Қылмыстық-атқару кодексіне енген өзгертулерді қабылдады
Сенат Қылмыстық-атқару кодексіне енген өзгертулерді қабылдады
«Кодекс сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалу деңгейін айтарлықтай арттыру мақсатында қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру және қылмыстық жазалардың орындалу тиімділігін арттыруға бағытталған. Жұмыс тобы 80 өзгертулерді қарастырып, оның 48 қабылдады. Сонымен қатар, 1 бөлімде айыппұл көлемі 200 АЕК-тен 500 АЕК дейін қысқартылды», - деді Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Дулат Құсдәулетов.
Оның айтуынша, Кодекстің жобасы тағыда 2 баппен толыққан.
Сонымен қатар, сотталғандардың қауіпсіздік дәрежесі мен олардың ұсталуына қарай, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындайтын түзеу мекемелерінің мынадай сыныптамасын енгізу жоба жаңалықтарының бірі болып табылады.
Олар, қауіпсіздік барынша төмен мекемелер, орташа қауіпсіз мекемелер, кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелер, қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелер,төтенше қауіпсіз мекемелер, толық қауіпсіз мекемелер, қауіпсіздігі аралас мекемелер, сондай-ақ сотталғандар камераларда тұратын бір түзеу колониясында әр түрлі режим түрлері қолданылатын оқшауланған учаскелер бар мекемелер, деп комитеттің мүшесі Дулат Құсдәулетов ағынан жарылды.
Сондай-ақ, бас бостандығынан айыруға сотталғандарға екі күндік ұзақ мерзімді кездесулер белгіленген және олардың саны мекеме түрі мен ұстау жағдайына қарай сараланған.
Камила Амирова
-
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
Сенат отырысы: қабылданған Заңдар, қос азаматтық мәселесі, Арал проблемасы, Таразда ескірген су құрылғылары -
Автокөлік ұрлығына қарсы күрес туралы заң жобасы қаралады -
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады -
Бала құқығын қорғау бойынша заңнамаға енген өзгерістер қандай -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ержелеріне енген өзгерістер. Тұрғындар нені білу керек -
Сенат: Заң жобаларын қоғамдық талқылау тәсілдері кеңейтілмек -
Жаңа Әкімшілік рәсімдеу-процессуалдық Кодексінен не күтеміз -
Сенат отырысы: Қазақстанның көлік жүргізушілеріне қатысты жаңа Заң қабылданды -
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ» -
Cайлау-2021: Үкімет басшысы, Сенат Төрағасы, Мемлекеттік хатшы алғаш болып дауыс берді -
Салық кодексіне қандай түзетулер енгізілмек -
Ведомствоаралық комиссия мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша бірқатар шешім қабылдады