• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада «Өзара іс-қимыл-2014» оқу-жаттығуының маңызды бөліктері талқыланды

Астанада «Өзара іс-қимыл-2014» оқу-жаттығуының маңызды бөліктері талқыланды

5 Маусым, 2014 12:02
Астанада «Өзара іс-қимыл-2014» бірлескен оқу-жаттығуын дайындау бойынша штабтық келіссөздер өтуде.

«Өзара іс-қимыл-2014» бірлескен оқу-жаттығуы 2014 жылға арналған ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарының басқару органдары және құралымдары бірлескен жедел және жауынгерлік іс-шаралары жоспарының шеңберінде өткізіледі.

Штабтық келіссөздердің екінші раундына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қорғаныс ведомстволарының өкілдері қатысуда, деп қорғаныс министрлігінде хабарлады.

Биыл жазда Қазақстан аумағында өтетін жыл сайынғы «Өзара іс-қимыл» оқу-жаттығуы бұған дейін Ресей, Тәжікстан, Армения және Беларусь аумақтарында өткізілген болатын.

 

Барлық жаңалықтар