- Басты
- Жаңалықтар
- Жоғарғы сот сот жүйесі бойынша халыққа электронды қызмет көрсетуді таныстырады
Жоғарғы сот сот жүйесі бойынша халыққа электронды қызмет көрсетуді таныстырады
«Сот құжаттарымын танысу» қызметі логин, пороль және ЖСН енгізу арқылы электронды сот құжаттарын қарауға арналған. Сот процесі қатысушысының логині мен құпия сөзін ұялы телефонына немесе электронды поштасына хабарлама арқылы түседі, деп хабарлайды Жоғарғы сот.
«Сотқа шағымданған тұлға өтініші мен ұялы телефонына немесе электронды адресіне электронды хабарлама келуіне келісім бергені туралы тіркеу талонын алады. Сот процесінің өзге де қатысушылары сот тыңдалымы туралы да талон ала алады», - делінген хабарламада.
«Сот құжаттарымен танысу» ақпараттық қызметінің арқасында азаматтар үйлерінен шықпай-ақ ғаламтор арқылы сот құжаттарымен таныса алады.
Сонымен қатар, www.sud.gov.kz ресми сайтында «Сот кабинеті» электронды жобасы іске қосылады. Ол онлайн қызмет пен сот органдарының қызметіне жалғыз жол болып табылады.
«Сот кабинеті» электронды қатынас арқылы сот өндірісін қысқарту мен сот жүйесінің жеделдігі, қолжетімділігі мен ашықтығына бағытталған.
Бұдан бөлек сот хаттамасының сапасын қамтамасыз ету мақсатында дыбыс және бейне тіркеуді енгізу жоспарлануда. Ол «Сот кабинетіндегі» сот процесіне қатысушыларға қолжетімді бола отырып электронды хаттамаға мүмкіндік беретін заманауи технология негізінде жұмыс істейді.
Дыбыс және бейне тіркеу аясында шетелдік тәжірибе негізінде бейнеконференция байланысының сот жүйесімен қамтамасыз етіле отырып қашықтықтан жөнелту мүмкіндігі даму үстінде.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды