- Басты
- Жаңалықтар
- Женевадағы Ұлттар Сарайында «Қазақстан» залы салтанатты түрде ашылды
Женевадағы Ұлттар Сарайында «Қазақстан» залы салтанатты түрде ашылды
«Шараға халықаралық ұйымдар және дипломатиялық миссиялар, жетекші аналитикалық орталықтардың басшылары, сондай-ақ жетекші баспасөз және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты», - делінген хабарламада.
Аталған шараның Женевадағы БҰҰ Ұлттар Сарайындағы «Қазақстан» көпмақсатты конференц-залының салтанатты тұсаукесер шеңберінде ұйымдастырылуы ерекше мәнге ие болды. Бұл залды ашу туралы шешімді Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуының 20-жыл толуына байланысты қабылдаған болатын.
Шетелдік дипломаттар мен БҰҰ қызметкерлері «Қазақстан» көпмақсатты залы БҰҰ-ның Женевалық бөлімшесі ғимаратындағы ең көркем және техникалық жабдықталу жағынан озық залға айналғанын бірауыздан атап өтті. 145 кісі қабылдауға шақталып, жаңа технологиялармен жасақталған зал ілеспе аудармамен қамтамасыз етілетін салиқалы халықаралық форумдар өткізу, фильмдер көрсету, сондай-ақ мәдени шараларды ұйымдастыру үшін қолданылатын болады. «Қазақстан» Астана көріністері және дала пейзаждарымен көркемделген гобелендермен әсемделген, ендігі, терезе витраждары ұлттық нақыштағы түрлі-түсті мозаикамен безендірілген.
Шара барысында БҰҰ Бас Хатшысының орынбасары, БҰҰ Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры Қасым-Жомарт Тоқаев және Тұрақты өкіл Мұхтар Тілеуберді сөз сөйлеп, «Embrace! A World Free of Nuclear Weapons» атты деректі фильм көрсетілді.
Өз сөзінде Қ.Тоқаев мырза таратпау режимін нығайту және әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан тарихи үлесі үшін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа халықаралық қауымдастық атынан ризашылық білдірді. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Қазақстанның ядролық қарусыздандыру және таратпау процесін дамытудағы рөліне БҰҰ-ның беретін жоғары бағасын атап өтті. БҰҰ Женевалық офисінің Басшысы БҰҰ-ның Қазақстанмен ықпалдасуы жаңа мазмұнға ие бола беретініне сенімділік білдірді.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
Елордалықтар коронавирусқа қарсы вакцинаны белсенді түрде қабылдап жатыр -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Шектеу шаралары: Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармония қалай жұмыс істеп жатыр
-
Елордада журналистерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды -
Цифрландыру: Әлеуметтік қызметтің 91%-ы электронды түрде көрсетілді