• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік рәміздер - Қазақстанның бейбіт бейнесінің көрінісі – СҚО әкімі

Мемлекеттік рәміздер - Қазақстанның бейбіт бейнесінің көрінісі – СҚО әкімі

5 Маусым, 2014 11:44
Республиканың мемлкеттік рәміздері Қазақстанның бейбіт бейнесін танытады, дейді Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Ерік Сұлтанов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күніне арналған патриоттар форумының ашылуында.

«Республиканың мемлекеттік рәміздері Қазақстанның бейбіт бейнесін, біздің ұлттық-мәдени болмысымызды, рухани құндылықтарымызды танытып, ішкі және сыртқы саясаттағы ұстанымымыздан хабар береді», - дейді әкім.

Оның айтуынша, шын патриотизм мемлекеттік рәміздерге деген құрметтен бастау алады.

Форумда «Жыл патриоты» байқауының жеңімпазын марапаттау шарасы өтті.

Мерекелік шара концерттік бағдарламалармен жалғасын тапты, деп хабарлайды СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Барлық жаңалықтар