Жандарбек Мәлібеков ШҚО оқушыларымен кездесті

5 Маусым, 2014 09:45
ШҚО оқушылар шығармашылық сарайында Елтаңбаның шығу тарихиы туралы автор Жандарек Мәлібеков әңгімеледі.

Оның айтуынша, Мемлекеттік рәміздер – елдің тәуелсіздігі, өзіндік келбеті мен тарихқа деген құрметінің көрінісі.

«Елтаңбаның макетін дайындауға 3 ай  уақыт берілген. Шыны керек, бірден кірісіп кете алмадым. Ол кезде мен Ташкентте едім. Алайда өз елімнің патриоты ретінде және мамандығым бойынша архитектор ретінде бей-жай қарай алмадым.  Рас, кез келген азамат ретінде бағымды сынап көрмек болдым, ең бастысы менің мақсатым – халқымыздың төл пәлсапасын, болмысы мен тарихын көрсету болды», - дейді Ж.Мәлібеков.

Көптеген нұсқалардың ішінен таңдалып алынған қазіргі елтаңба жобасының ерекшелігі сонда, ол жерде киіз үй негізге алынған.

«Қазақта «Шаңырағың биік болсын» деген тамаша тілек бар. Бұл біздің халыққа кеңінен таныс сөз. Қазақтың киіз үйі – әлемде баламасы жоқ өте керемет дүние. Сол себепті Елтаңбаның негізін шаңырақ етіп адық», - дейді автор.

Жас толқынмен әңгімелесу барысында Жандарбек Мәлібеков Елтаңбаның әрбір элементінің маңызына тоқталды. 

Барлық жаңалықтар