- Басты
- Жаңалықтар
- Астана күні аясында «Бір тамшы қан - бір адамның ғұмыры» акциясы өтеді
Астана күні аясында «Бір тамшы қан - бір адамның ғұмыры» акциясы өтеді
Бұл акция мақсаты мүшкіл халге тап болған адамдарға көмектесу үшін дені сау жандарды донорлыққа тарту болып табылады.
Осыған орай, қаладағы көпсалалы стационарлар мен трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында қан алу нүктелері ұйымдастырылады. Жоба ТҒӨО мен стационар дәрігерлерінің қатысуымен жүзеге асырылмақ, деп Астана қаласының 16 жылдығына арналған мерекелік шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа-штабы хабарлады.
Акция барысында 250-300 адамнан қан алу көзделуде. Бұл шараның түпкі мақсаты әр отандастарымыздың санасына адам өмірін құтқаруға сеп болатын донорлық азаматтық парыз сезімін ұялату.
Бүгінгі таңда жаңа медиицналдық нысандардың көбеюіне, көрсетілетін медициналық қызмет пен ота жасау санының артуына байланысты Астана қаласында қанға қажеттілік 2 есеге артып, күніне 100 литрге жеткен.
Астананың барлық медициналық ұйымдарында жылына 83000 ота жасалады. Оның ішінде жоғары технологияларды қолдану арқылы 25000 ота өткізіледі.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс