• Басты
  • Жаңалықтар
  • Азық-түлік корпорациясы өңірлерге 150 мың тонна арзандатылған астық жөнелтті

Азық-түлік корпорациясы өңірлерге 150 мың тонна арзандатылған астық жөнелтті

4 Маусым, 2014 16:59
«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (Азық-түлік келісім шарт корпорациясы) мемлекеттік сатылатын ресурстарынан нанға және ұнға бағаны тұрақтандыру мақсатында республиканың өңірлеріне бір тоннасына 28 300 теңге белгіленген бағада барлығы 156 мың тонна арзандатылған астық жөнелтілді.

Сонымен қатар, Азық-түлік келісім шарт корпорациясының коммерциялық ресурстарынан  облыстарға  коммерциялық бағада 17 000 тонна астық тиелді, деп ұлттық компанияда хабарлады.

ҚР экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның (мемлекеттік комиссия) 2014 жылғы 12 ақпандағы шешімімен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі (АШМ), облыс әкімдіктері және Азық-түлік келісім шарт корпорациясы арасында өңірлерде 1 сұрыпты ұннан жасалған қалыпты нанға, 1 сұрыпты ұнға бағаны тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы меморандумдарға қол қойылған болатын.

Аталған меморандумдар шеңберінде Азық-түлік келісім шарт корпорациясы 518 000 тонна астықты кейінге сақтады: бағасы тоннасына белгіленген 28 300 теңгеден 182 000 тонна мемлекеттік сатылатын ресурстардан,  тоннасына 42 000 теңгеден 336 000 тонна коммерциялық астық ресурстарынан.  Астық тиеу кезеңі - 2014 жылғы 17 ақпаннан бастап 2014 жылғы тамызға дейін. 

 

 

Барлық жаңалықтар