- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның инвестициялық әлеуеті жақсарады – Е. Досаев
Қазақстанның инвестициялық әлеуеті жақсарады – Е. Досаев
Елбасының инвесторлар үшін жаңа ынталандырулар пакетін енгізу бойынша тапсырмасын іске асыру үшін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Е. Досаев баяндама оқыды, деп Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Инвестициялық ахуалды жетілдіру жөніндегі Заң жоба инвесторлармен жасалатын инвестициялық келісімшарттардың тетігі мен шарттарын қайта қарауды, инвестициялық преференцияларды кеңейтуді, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша шараларды көздейді.
Жасалатын келісімшарттар шеңберінде инвесторларды мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары енгізіліп отыр, 10 жылға корпоративтік табыс салығы (КТС) төлеуден босату; 10 жылға жер салығын төлеуден босату;8 жылға жылжымайтын мүліккке салық төлеуден босату;объекті пайдалануға берілгеннен кейін мемлекет тарапынан инвесторлардың күрделі шығындарын 30 %-ға дейін өтеу.
«Инвесторлармен келісімшарт жасасқан сәттен бастап 10 жылдық мерзімге салық ставкаларының (қосымша құн салығы (ҚҚС) және акциздерден басқа), экологиялық төлемдер мен алымдардың «тұрақтылығын» енгізу көзделіп отыр. Жасалған келісімшарттар шеңберінде инвесторларға инвестициялық жоба құрылысының барлық мерзімінде және объектіні пайдалануға енгізілгеннен кейін бір жыл бойы квотасыз және рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін тарту құқығы ұсынылады», - деді Е. Досаев.
Жоғарыда аталған ынталандырулар пакеті индустриялық- инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламаға (ИИДМБ) сәйкес экономиканың басым салаларындағы құны 20 млн. АҚШ долларынан кем емес жаңа инвестициялық жобалар үшін берілетін болады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда