Қазақстанда 2020 жылға дейін 200-ге жуық гидробекет салынады - Н.Қаппаров

4 Маусым, 2014 15:55
Қазақстанда 2020 жылға дейін 200-ге жуық гидробекет салынатын болады. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қапппаров мәлім етті.

«Алдымен бірінші кезекте трансшекаралық өзендерде 25 жаңа гидробекет салу жоспарланған. Ал, жалпы 2020 жылға дейін 195 гидробекет салынады», - деді министр.

Сонымен қатар ол, климотологтардың болжамы ескеріле отырып гидротүйінді  су қоймаларына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша 2014-2016 жылдарға арналған жоспар және жобалық құжатнама  түзілгенін тілге тиек етті.

«Жоспар бойынша 29 жаңа су қоймасын салу көзделген», - деді ведомство басшысы.

Оның үстіне, Н. Қаппаров елімізде алғаш рет 20 өзен тазаланатын хабарлады. 

«Қазақстанда алғаш рет аса күзетілетін аймақтарда 20 өзен тазаланатын болады. Сонымен қатар, өзендердің арнасыда тазаланады», - деді ол.

Индира Кауметова 

Барлық жаңалықтар