- Басты
- Жаңалықтар
- ҚОСРМ ТҚҚ басқару бойынша инвестицияны тұрақтандыру жұмысын 9 қалада аяқтайды – Н. Қаппаров
ҚОСРМ ТҚҚ басқару бойынша инвестицияны тұрақтандыру жұмысын 9 қалада аяқтайды – Н. Қаппаров
«Аталған міндеттерді қолдау шараларын енгізбей іске асыру мүмкін емес. Бағдарлама міндеттерін ойдағыдай орындау үшін және жеке секторды жұмылдыру үшін бірқатар қолдау шаралары көзделген.Мемлекеттік және жеке тараптардың қызметтерін үйлестіру және тығыз қарым-қатынасын орнату мақсатында министрліктің қазіргі еншілес компаниясы - «Жасыл Даму» АҚ негізінде ТҚҚ басқару бойынша бірыңғай орталығы құрылады», - деді Н. Қаппаров.
Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта Қазақстанда әкімдік, инвестор және қоқыс шығаратын компания арасындағы келісімшарттар өзара қатынастарды пысықтамау нәтижесінде қоқыс өңдейтін зауыттары тоқтап қалып отыр. Орталық бұл проблемаларды шешуге мүмкіндік беретіндігін айтты.
Бағдарламаны іске асыру кезінде мемлекет негізгі рөлді өз мойнына алуы тиіс екені сөзсіз. Алайда, оны ойдағыдай іске асыру үшін жеке секторды тарту қажет, деді ол.
«Жобаларды іске асырудың негізгі сәті - инвесторға ластаушылардан және мемлекеттің концессиялық міндеттемелерінен тарифтер түріндегі тұрақты табыс ағымына кепілдік беретін МЖС негізінде ұзақ мерзімді (15-тен 30 жылға дейін) келісімшартқа қол қою. Кейіннен, тұрғындардың әл-ауқатының өсуімен жалпыәлемдік «ластаушы төлейді» қағидатын орындау үшін тарифтердің жоспарлы өсуі мүмкін», - деді ол.
Оның айтуынша, жоғарыда аталған қолдау шараларынан басқа бағдарламаны іске асырудың алғашқы кезеңінде бюджет қаражатын бөлуді қажет ететіні сөзсіз. Мысалы, Бағдарламаның пилоттық кезеңі (2020 жылға дейін) үшін 52,5 млрд. теңге көлемінде бюджет шығыстары жоспарлануда.
Камила Амирова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады