• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда Кембридж бағдарламасы бойынша 12 мың ұстаз біліктілігін жоғарылатты

Қазақстанда Кембридж бағдарламасы бойынша 12 мың ұстаз біліктілігін жоғарылатты

1 Қыркүйек, 2013 00:00
Биылғы оқу жылының жаңалықтары көп. Бүгін Астанадағы №60 мектепте өткен салтанатты шара барысында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов осылай айтты.

«Ағымдағы жылда мыңдаған мектептерде білім берудің электронды жүйесі енгізіледі. Осының арқасында әрбір қазақстандық оқушы тұрғылықты жеріне қарамастан, білім алатын болады. Сондай-ақ биыл бірінші сыныптарда ағылшын тілін оқыту жұмысы басталады. Сендер (оқушылар - авт.) осы бастаманың алғашқы қарлығаштары боласыңдар!», - деп атап көрсетті министр.

Оның хабарлауынша, отандық білім беру саласындағы бүгінгі реформалардың басты мақсаты - сапалы білімге көшу. Ол үшін барлық стандарттар қайта қаралып, жаңа оқыту бағдарламалары мен оқулықтар даярланып жатыр. Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі республика бойынша таратылып, білім беру саласын қаржыландырудың жаңа тетіктері енгізіліп келеді.

Б.Жұмағұлов атап өткендей, Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша біліктілікті арттырудың жаңа жүйесі қолға алынған. 

Барлық жаңалықтар