- Басты
- Жаңалықтар
- Қала күнін тойлау аясында әдет-ғұрыптың голографиялық театры ұйымдастырылады
Қала күнін тойлау аясында әдет-ғұрыптың голографиялық театры ұйымдастырылады
«Хан Шатыр» СОО алаңында дәстүрлі түрде киізді пайдалана отырып, жазық далада шеңберлей орналастырған жайма базары жайқалған және шатыры көтерілген «күрен» жайылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл әдеттегі қалалар қоршалатын дуалдың орнына көрмеге арналған шатырлы кешен бой көтереді. Тағы бір жаңалық - жылқы үстіндегі қойылымдарға арналған алаң болмайды. Оның орнына ат құлағында ойнайтын каскадерлардың өнер көрсетуіне 1600 шаршы метр аумаққа құм төгілген арнайы алаң жасалады.
Сонымен қатар, «Жел жады» инсталляциясы мен әдет-ғұрып голографиялық театрына арналған шар тәрізді кешен келушілердің қызығушылығын тудырмақ. Әдет-ғұрып голографиялық театры - негізгі ұстанымы нағыз актерлердің виртуалды нысандармен өзара қарым-қатынасынан тұрады: актерлер мен үлгі көрсетушілер виртуалды сахна кеңістігінде әдет-ғұрыптарды көрсетеді, дәстүрлі ән концерті өтеді. Онда дәстүрлі түркі музыкалық мұрасының жанрлық әралуандығы көрініс табады. Бағдарлама барысында «Қыз бен жігіт» айтысы, «Жұмбақ айтыс», «Қайым айтыс» және «Түре айтыс» түрлерінен ақындар сынға түседі.
Бұдан басқа, елордалықтар «Ат жалында» және «Жамбы ату» шоуларын, «Алтын сақа» спорт жарысын, «Киіз басу» және «Фольклорға толы өмір» этно-шоуларын, ұлттық қолданбалы өнер жәрмеңкесін және қыран құс пен тазы көрмесін тамашалайды.
Қонақтар қазақтың ұлттық тағамдарымен танысып әрі оның дәмін тата алады. Сондай-ақ, көшпелі цирк өз өнерін ортаға салады, ұлттық қазақ аспаптарының шеруі мен «Киім тарихы» шоуы ұйымдастырылады. Балаларға арналған «Менің кішкентай киіз үйім» атты шеберлік-сағаты өтеді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары