- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада 11 мыңнан астам балғын үшін алғашқы қоңырау соғылды
Астанада 11 мыңнан астам балғын үшін алғашқы қоңырау соғылды
Астана қаласы әкімінің орынбасары Аида Балаева № 15, 36, 61, 21 және 49 мектептерде, лицейлерде болып, оқу мекемелерінің мұғалімдерімен және оқушыларымен кездесті.
«Бүгін 92 000 астам оқушы партаға отырады. Соның ішінде 11 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады. Сендердің басты мақсаттарың жақсы білім алып, Қазақстанның лайықты азаматы болу. Бәріміз де өз Отанымыздың патриоттары болуымыз керек, мәдениетімізді мақтан етіп, тарихымызды біліп, мемлекеттік тілді құрметтеп, меңгеруіміз керек. Патриот болу - бәріміз де мақтан ететін өз мектебімізді, ауламызды, қаламызды сүю болып табылады»,- деді А. Балаева, оқушыларды Білім күнімен құттықтай отырып.
Оның атап өтуінше, бүгін Астананың барлық мектептері педагогтармен қамтамасыз етілген. Елордада 11 142 мұғалім жұмыс істейді. Мұнымен қоса, биыл 180 жас маман жұмысқа қабылданды.
«Алдағы 2013-2014 оқу жылы әрбір педагогикалық ұжымның қызметіндегі негізгі бағыт - мемлекеттік стандарттарға сәйкес білім беру сапасын арттыру болуы тиіс», - дейді ол.
Қазіргі уақытта қалада 83 мектеп жұмыс істейді. Соның ішінде 71 мемлекеттік және 12 жеке меншікті мектеп.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді