- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақ эстрадасының жұлдыздары астаналықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады
Қазақ эстрадасының жұлдыздары астаналықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

«Бүгін жастардың күшімен патриоттық әндер орындалып жатқан концерт өтуде. Мұндай шаралар жыл сайын көбейіп, ауқымы да кеңейіп келеді. Бүгін жұлдыздармен қатар жас спортшылар да игі шараға атсалысуда», - деді Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы Талғат Рахманберді.
Сонымен қатар, бағдарлама бойынша сахнада Маржан Арапбаева, Гүлнұр Оразымбетова, «Бәйтерек» тобы, «Ақселеу» дуэті, «Арлан» тобы және «Z» триосы өнер көрсетеді. Бұдан басқа, әлемдік додаларда еліміздің көк туын аспанда желбіреткен спортшылар да өз өнерін ортаға салады.
«Менің ойымша, мұндай шараларды барлық мерекеге орай өткізген жөн. Себебі, олар жастардың басын біріктіреді, олардың достығын нығайтады. Ал, келер жыл Бейбітшілік пен Келісім жылы екенін ескерсек бұл ауадай қажет», - деді Т. Рахманберді.
Оның айтуынша, бұл ауқымды шара еліміздің мәдени өмірінде жарқын сәттермен есте қалады. Қонақтар мен қатысушыларға шығырмашылық жаңалықтар әкеледі және олардың патриоттық сезімін нығайтады.
Мадина Нұрбекова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді
-
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты
-
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді

