- Басты
- Жаңалықтар
- Индустрияландыру картасына Ақтөбе облысының 21 инвестжобасы енеді
Индустрияландыру картасына Ақтөбе облысының 21 инвестжобасы енеді
«Облыста еліміздің Индустриялық картасына енген инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деді облыстық кәсіпкерлік және индустриялдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Марат Балмұқанов.
Кеңестің күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Оның бірі - бұған дейін Индустриялық картаға еніп, іске қосылған жобалардың қазіргі жағдайы тыңдалса, екінші мәселеге байланысты осы картаға енуден үміткер 21 жобаның тағдыры таразыға салынды. Олар негізінен экономиканың өңдеу секторында, мұнай-газ, құрылыс және басқа да салаларда жүзеге асырылмақшы.
Оның айтуынша, 2010-2014 жылдарға белгіленген бұл мемлекеттік бағдарламаның даму қарқыны тек Ақтөбенің ғана емес, күллі қазақстандық экономиканы жаңартудың басты бағыты саналады.
Олардың арасында істі кеңейтуге ниетті, бүгінде алдыңғы қатарлы технологиямен темірбетон өнімдерін шығаратын «ASBI SAT GROUP» ЖШС, Мәртөк ауданында тері өңдеудің бастапқы жұмыстарымен шұғылдану үшін цех құрылысын ашқысы келетін «А.С.Ар.Аз.Г» шаруа қожалығы, цемент зауыты құрылысын салуға ниетті «Көктас-Ақтөбе» серіктестігі мен Ақтөбе қаласында ет өңдеу зауыты құрылысын салуға ниет білдіріп отырған «Парижская коммуна ХХІ» серіктестіктері бар.
-
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
Сайлау 2021: Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталды