Көкшетауда Мемлекеттік рәміздер күні патриоттық акциялар өтуде

4 Маусым, 2014 10:36
ҚР Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу шеңберінде Көкшетау қаласында бүгін 4 маусым күні азаматтар бойында патриоттық сезім қалыптастыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар өтуде.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының салтанатты шеруі мерекелік іс-шараларды бастайды. Мемлекеттік рәміздерді алып жүру құрметі түрлі салаларда табысқа жеткен жастарға беріледі.

«Менің Елім!» патриоттық акциясы облыс әкімі Сергей Витальевич Кулагиннің, жастардың және еңбек ұжымдары өкілдерінің қатысуымен өтеді, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Акция шеңберінде шеруге қатысушылардың мемлекеттік рәміздерді салтанатты түрде қарсы алуы ұйымдастырылады. Сонымен бірге, түрлі салаларда жетістікке жеткен жастар өкілдеріне облыс әкімінің алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтары  табыс етіледі.

Қалыптасқан дәстүр бойынша оқу озаттары болып табылатын мектеп оқушыларын «Жас Ұлан» қатарына қабылдау, «Жасыл ел» еңбек жасақтары маусымының ашылу салтанаты ұйымдастырылады.

Барлық жаңалықтар