Венгрияда Ұлы Абайға арналған ескерткіш орнатылды

4 Маусым, 2014 09:43
Венгрияда қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаев ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ақынның мүсіні Будапешттегі Астана көшесіне орнатылды.

Шара Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың Венгрияға рсми сапары аясында өтті. Делегаттар қатарында ШҚО өкілдері де бар.

Естеріңізге сала кетейік, 2 жыл бұрын Шығыс Қазақстан облысы ұлы ақынның мүсінін  дайындап осы елге жөнелтетін болып ұйғарған еді.

Ескерткіш қоладан жасалған. Биіктігі 1070 мм болатын  мүсінді көлденеңінн 900 мм-ді құрайды, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

Айта кету керек, қазақ философы, ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбаев ескерткіші Мәскеу, Бейжің, Ташкент, Витебск, Тегеран,Стамбул мен Лондонда ашылған.  

Сонымен қатар,  сапар барысында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен облыстық Хайду-Бихар муниципалитеті арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. 

Барлық жаңалықтар