- Басты
- Жаңалықтар
- Будапештте Қазақстан мен Венгрия арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы Декларацияға қол қойылды
Будапештте Қазақстан мен Венгрия арасында стратегиялық ынтымақтастық туралы Декларацияға қол қойылды
Үкімет басшысы Венгрияның Премьер-Министрі Виктор Орбанмен және Мемлекеттік жиналыс төрағасы Ласло Кёвермен кездесті6 деп Премьер-Министрд34 ресми порталы хабарлады7
Үкіметаралық келіссөздар барысында тараптар Қазақстан ТМД елдері арасында Венгрияның ірі сауда серіктесі болып табылатынын атап өтті. Үкіметтер басшылары екі жақты ынтымақтастықты кеңейту үшін, әсіресе сауда-экономикалық сферадағы жоғары әлеуетті белгіледі.
«Бізге қазақстандық-венгерлік қарым-қатынастарды стратегиялық серіктестіктің сапалы жаңа деңгейіне шығару керек», - деп басып айтты К.Мәсімов. Ол үшін, оның пікірінше, барлық алғышарттар мен қажетті құқықтық база бар.
Өз кезегінде, В.Орбан венгрлік тараптың экономиканың түрлі салаларында Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастығына қызығушылық танытты.
Келіссөздер барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымы талқыланды. Нақты айтқанда, мұнай-газ, АӨК саласындағы, экономиканың шикізаттық емес секторларын дамытудағы, инвестициялық сферадағы екі жақты өзара іс-қимыл перспективалары қаралды.
Кездесудің қортындысы бойынша серіктестік туралы бірқатар құжатқа қол қойылды, олардың бірі Қазақстан мен Венгрия арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы Бірлескен Декларация болды.
ҚР Премьер-Министрі сондай-ақ В.Орбанды Қазақстанға жауапты сапармен келуге шақырды. Шақыру ризашылықпен қабылданды.
Л.Кёвермен кездесу барысында сауда-экономикалық өзара іс-қимылды тереңдету және парламентаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Тараптар екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды одан әрі нығайту қажеттігін басып айтты.
Сондай-ақ ресми сапар аясында К.Мәсімов Будапешттің орталығындағы «Астана» көшесінің және онда орнатылған Абай Құнанбаев мүсінінің салтанатты ашылуына қатысты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды