Бас прокуратура: 2014 жылы 40 мың кәсіпкер тексеруден босатылады

3 Маусым, 2014 12:02
Қазақстанда шағын және орта бизнестің (ШОБ) 40 мыңнан астам субъектілері ағымдағы жылдың тексеруінен босатылады. Бұл туралы ҚР Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында белгілі болды.

«Мораторий жарияланған кезден бастап Бас прокуратура 10 мыңнан астам ШОБ субъектілеріне тексеру жүргізді тоқтатты. Жалпы, ағымдағы жылы 40 мыңнан астам кәсіпкер тексеруден босатылып отыр», - деді отырыс барысында ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеттің төрағасы  Сәуле Айтпаева.

Оның айтуынша, 2013 жылы прокуратура кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында 990 тексеріс жүргізіп, 22480 заңды бұзушылық тіркеді. Ал, олар бойынша 1303 прокурорлық қадағалаудың актісі толтырылып, жоспарға 27 мыңнан астам тексерісті болдырмау енгізілді. Сонымен қатар, 3500 заңсыз тексеру әшкереленді.

«Жалпы, құқықтық статистика және арнайы есеп органдары кәсіпкерлер мен қаржы органдарының сұранысымен жүргізілген 380-нен астам тексерісті тіркеді. Оның ішінде тұтынушылардың құқығын қорғау мақсатында жүргізілген 3 тексеріс бар», - деді сөз соңында Сәуле Айтпаева.

Камила Амирова

Барлық жаңалықтар