• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекеттік басқару академиясында «Табысты мемлекетті қалыптастыру» онлайн-конференциясы өтті

Мемлекеттік басқару академиясында «Табысты мемлекетті қалыптастыру» онлайн-конференциясы өтті

2 Қыркүйек, 2013 00:00
2013 жылдың 23 сәуірі күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында алғашқы рет Duke University, ASPA & FEI өкілдерінің қатысуымен online-конференция өткізілді, деп хабарлайды «Стратегия-2050» ресми сайты.

Мемлекеттік қызметті модернизациялау жүйесінде елдің алдында тұрған жаһандық міндеттерді атай отырып, Академияның ректоры Б.С. Абдрасилов құттықтау сөз сөйледі. Модераторлар: МСҰМ директоры В.М. Әукен және ҒЗИ директоры Е.С. Жаркешов болды.

Пікірталастық алаңға Дьюк Университетінің профессорлары Майк Мунгер, Джоуль Рош, Джозеф Тамм шақырылды, олар Д. Aсемоглу мен Дж. Робинсонның «Why Nations Fail?» кітабына қысқаша түсінік берді. Әңгімелесу барысында табысты мемлекетті құруда жоғары басқарушылық буынның біліктілігін арттыру жүйесінің рөліне акцент қойылды. Федералдық институт факультетінің деканы, доктор Мэтью Стаффорд осы бағыттағы кадрларды даярлау мен қайта даярлау бойынша білім беру бағдарламалары шеңберінде ынтымақтастыққа дайындығын атап өтті. ASPA сайланған Президенті, Флорида Халықаралық университетінің мемлекеттік менеджмент және қоғамдық қызметтер бойынша институтының директоры, профессор Алан Розенбаум және ASPA Халықаралық және салыстырмалы әкімшілік департаментінің бұрынғы төрағасы Жан-Мари Коул халықаралық тәжірибені ескерумен, мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесінің маңыздылығын атап өтті.

МСҰМ-ның тыңдаушылары баяндамаларының тақырыбы біздің мемлекетіміздің басты және маңызды бағыттарын белгілеуге шоғырланған. Атап айтқанда, Талғат Ластаев, Аслан Бегахметов, Марияш Қосжанова мына мәселелерге қысқаша, әрі логикалық түрде сипаттама берді: «Қазақстан -2050» Стратегиясы» – жаңа қазақстандық патриотизм және мемлекеттік қызметті модернизациялау», «Жергілікті өзін-өзі басқару: халықаралық тәжірибе және Қазақстан», «Мемлекеттік қызметтің жаңа парадигмалары: Қазақстан мен АҚШ, жалпы және ерекше».

Конференцияның жемісті жұмысының қорытындысы бойынша магистратура бағдарламалары, жоғары басқарушылық буынның біліктілігін арттыру курстары бойынша мемлекеттік қызметшілерді даярлау жөніндегі тереңдетілген ынтымақтастықтың жолдары белгіленді.

Барлық жаңалықтар