- Басты
- Жаңалықтар
- Германия кәсіпкерлері Павлодар облысына инвестиция құюға мүдделі
Германия кәсіпкерлері Павлодар облысына инвестиция құюға мүдделі
Ұлттық кәсіпкерлер палатасында хабарлағандай, меймандарды облысымыздың бизнес ахуалы қызықтырды. Олар бірлескен жобаларды жүзеге асырып, инвестиция тартуға әзір екендіктерін жеткізді. Іскерлік әріптестікті дамыту бағытында неміс инвесторларына «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы жобасы аясында бірлесіп жұмыс істеу ұсынылуда.
Делегация құрамында Қазақстан Республикасының Германиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Нұрлан Баймолдаұлы Онжанов, Германия Бундестагының мүшесі Аксель Фишер, Эттлинген шаһарының қалалық кеңес мүшесі Хайнц-Бернхард Петерс бар.
«Германия елімен арадағы экономикалық интеграцияны дамыту еліміздің сыртқы сауда саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінде өңіріміздің сыртқы сауда айналымындағы Германияның үлесі 3%-ға жеткен. Және бұл көрсеткіш жыл санап артып келеді. Павлодар облысынан Германияға металлургиялық өнеркәсіп тауарлары (қара металл, алюминий, мыс және хром рудаларының концентраты) тасымалданады. Ал неміс елінен аймағымызға негізінен машина жасау саласының өнімдері – көлік, арнайы техника, құрылғылар, қосалқы бөлшектер жеткізіледі», - деді Павлодар облысы әкімінің орынбасары Нұржан Әшімбетов.
Облысымызда Германия елімен бірлескен 15 кәсіпорын жұмыс істейді (құрылыс-монтаждау жұмыстары, автобус тасымалдау және т.б салаларда).
Атап өтерлігі шетелдік меймандар жиынға қатысқан облыс кәсіпорындарының ұсынған жобаларына үлкен қызығушылық білдірді.
«Екі елдің Үкіметтері өзара әріптестік жөнінде шарт жасасқан болатын. Оның аясында бірлескен жұмыстарымызды дамыту қажет. Біз тең дәрежеде жұмыс істеуге, өңірге инвестиция құюға әзірміз. Неміс кәсіпкерлерінің Қазақстанға деген қызығушылығы жоғары. Сондықтан Павлодардың бизнес өкілдерімен мұндай кездесуді Германияда ұйымдастырғымыз келеді», - деді Германия Бундестагының мүшесі Аксель Фишер
Павлодар облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Райхангүл Сатабаеваның айтуынша, Германия елі Қазақстанда білікті кадрларды дайындау мәселесінде үлкен қызығушылық танытып отыр.
«Германия тарапы мамандардың халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытындағы жұмыстарға қатысуға мүдделі. Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өңірде «Қазақстанда дуальдық оқыту жүйесін енгізу» атты пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба Германия елінің осы саладағы тәжірибесі негізінде құрылып отыр. Жоба пилоттық негізге Павлодар облысында қолға алынуда. Оны жүзеге асыру мақсатында бірлескен шаралар атқарылмақ» , - деді Р.Сатабаева.
Бизнес-кездесу екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, облыс кәсіпорындары мен Германия бизнес өкілдерінің сауда-экономикалық әріптестігін дамытуға көмек болмақ.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция -
Шымкент қаласының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі -
Шетелден инвестиция тарту: 2020 жылғы жобалар, жаңа алгоритм және проблемалары