- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда санэпид жағдайды қадағалау тексерісін 3 есеге қысқарту ұсынылды – Б. Қуандықов
Қазақстанда санэпид жағдайды қадағалау тексерісін 3 есеге қысқарту ұсынылды – Б. Қуандықов
«Тұтынушылардың құқығын қорғау жүйесін жетілдіру бойынша кешенді іс-шаралар үкіметте қарастырылды. Ол негізгі төрт топқа бөлінген. Біріншіден, тұтынушылардың құқығын қорғау жүйесінің жаңа үлгісі енгізіледі. Ол заң жобасының жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді қарастырады. Онда тұтынушылардың құқығын қорғаудағы мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың рөлі анықталады. Сондай-ақ, тұтынушылық сауаттылықты арттыру көзделген», - дейді Б.Қуандықов.
Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиялық бағыттағы қауіптерді бағалау мен тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру көзделіп отыр.
«Үшінші бағытқа келетін болсақ, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау жүйесін реформалау. Төртіншіден, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар кешені қолға алынады. Барлық ішкі тұтынушылық нарықты қорғау жүйесінде мемлекеттік биліктің барлық буынының нақты және үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету көзделіп отыр. Ведомствоаралық комиссия құрылады», - дейді агенттік төрағасы.
Санэпид қадағалау тексерісін 3 есеге қысқарту ұсынылды, ал санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды санын 4-тен 1-ге дейін қысқарту жоспарланған.
«Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша, ведомствоаралық комиссия құрып, камералық қадағалау жүргізу жоспарланған. Ол ақпараттық жүйені енгізу арқылы жүзеге асады», - деді ол.
Камила Амирова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді