• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сағынтаев Үкімет отырысында қаралған мәселелерді айтып берді (Брифинг бейнебаяны)

Б.Сағынтаев Үкімет отырысында қаралған мәселелерді айтып берді (Брифинг бейнебаяны)

2 Маусым, 2014 15:36
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев ОКҚ өткен брифингте Үкімет отырысында қаралған мәселелерді айтып берді.

«Бүгін Үкімет отырысында ветеринарлық қауіпсіздік мәселелері қаралды. Ағымдағы жылдың 5 айында Қазақстанда малдардың аса асыр аурулары бойынша эпизоотикалық жағдай тұрақты. Қаңтар айынан бастап мамыр айына дейін аса ауыр мал ауруларының 74 ошағы тіркелді», - деді  Б. Сағынтаев.

Сонымен оның мәліметі бойынша, өткен жылдармен салыстырғанда аурудың ушығуы 29%-ға төмендеді. Өткен жылдың қорытындысы  - 103 ошақ тіркелді.

Оның үстіне, бүгін Үкімет отырысында жер қатынастарын реттеу бойынша заңнамаға енгізілетін  толықтырулар мен өзгертулер қаралды.

«Жер телімін пайдаланбағаны үшін, жерден еріксіз құқығынан айыру сынды мәселелерді реттеу үшін Заңнамаға өзгертулер енгізіледі», - деді бірінші вице-премьер.

Сонымен қатар, Үкімет отырыснда «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасының алғашқы бес айдың қорытындылары және  тарифтік саясатты жасақтау мәселелері қаралды.

Камила Амирова 

Барлық жаңалықтар