- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс депутаттары жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобасын мақұлдады
Мәжіліс депутаттары жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобасын мақұлдады
Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын мақұлдады.
Заң жобасының негізгі мақсаты - Қазақстан Президентінің 2012 жылғы 28-ші қарашадағы №438 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасының ержелерін заңнамалық деңгейде іске асыру.
Заң жобасы халықтың жергілікті қоғамдастық жиыны мен жиналысы арқылы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешудегі рөлін арттыруға; аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, кент, ауыл әкімдерін мәслихаттардың сайлауы арқылы олардың сайланбалығына енгізуге, жергілікті маңызы бар өзекті мәселелерді шешуде төменгі деңгейдегі әкімдердің қаржылық дербестілігін кеңейтуге әрі нығайтуға бағытталған.
«Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды екі кезеңмен дамыту көзделуде. Бірінші кезеңде (2013-2014 жж - агенттік ескерт.) басқарудың төменгі деңгейлерінде қолданыстағы жүйенің әлеуетін кеңейту және басқару мен қаржыландырудың тетіктерін іс жүзінде пысықтау жөніндегі шаралар жүзеге асырылатын болады. Бұл шаралар жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту үшін негізгі алғышарт болып табылады», - деді өз баяндамасында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев.
Оның айтуынша, екінші кезеңде (2015-2020 жж - агенттік ескерт.) жергілікті мемлекеттік басқарудың функцияларын одан әрі бөлу мәселелері, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бюджеті мен меншігін қалыптастыру, сондай-ақ ауылдық округтардың деңгейінде әкімшілік-аумақтық бірліктерді оңтайландыру мәселелері пысықталатын болады.
«Заң жобасын қабылдау жиналыстар мен жиындар арқылы халықтың еркін білдіру бөлігінде азаматтардың конституциялық құқығын іске асыруға, аудандық, қалалық мәслихаттар тарапынан аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтардың, ауылдық округтардың құрамына кірмейтін ауылдардың әкімдерін сайлауға, халықтың басқарушылық шешімдерді қабылдауға қатысуы арқылы сапалы тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді алуға, санитарлық жағдайды, қоғамдық тәртіпті жақсартуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражаттарын пайдалануға мониторинг жүргізуге жергілікті халықтың қатысуына, коммуналдық меншік, қаражаттарды беру арқылы жергілікті маңызы бар мәселелерді шешудегі төмендегі деңгейлі әкімдердің дербестігін кезеңмен және біртіндеп нығайтуға мүмкіндік береді», - деп тоқталып кетті министр.
Заң жобасында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, Бюджет пен салық кодекстеріне және «Мемлекеттік қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» және «Жарнама туралы» ҚР заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері