Каирде ЭКСПО-2017 мен G-Global жобасы туралы баспасөз конференциясы өтті

2 Маусым, 2014 15:23
Қазақстан Республикасының Каирдегі Елшілігінде қазақстандық саяхатшы және байкерлер қозғалысының жетекшісі Дмитрий Петрухиннің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Ол Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі мен G-Global жобасына арналған жер шарын аралау экспедициясы шеңберінде Мысырға келді.

Баспасөз конференциясы кезінде Қазақстан географиялық қоғамының президенті және байкерлер ассоциациясының жетекшісі Д.Петрухин қатысушыларды ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге дайындық барысымен және Қазақстан ұсынған «Болашақ энергиясы» тақырыбымен таныстырды, деп сыртқы істер министрлігінде хабарлады.

Журналистердің әртүрлі сұрақтарына жауап бере отырып, ол тек Қазақстанда емес, сондай-ақ әлемнің басқа елдерінде іске асудағы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әртүрлі бастамаларды алға жылжытудағы рөлін атап өтті. Біздің елімізде өткізілген Азиада-2010, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуге және т.б. арналған жер шарын аралауға қатысты өзінің саяхаты туралы жан-жақты әңгімелеп берді.

Барлық жаңалықтар