Астанада 700 жас отбасы пәтерге ие болады

2 Маусым, 2014 14:47
«Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша 2014 жылы жас отбасылар үшін шаршы метрі 120 мың теңге тұратын 672 пәтер қолданысқа берілді. Бұл туралы аталмыш бағдарламаға арналған брифингте мәлім болды.

«Бүгін «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталды. Құжаттарды қабылдау 2 маусымнан 14 маусымға дейін жалғасады. Халыққа қызмет көрсетудің 3 орталығында құжаттар қабылдануда», - деді  қалалық баспана басқармасының жетекшісі Руслан Ахметов

Айта кетерлігі, аталмыш бағыт бойынша  тұрмыс құрғандарына екі жыл толған, жастары 29 –ға дейінгі ерлі-зайыптылар құжат рәсімдей алады. Сондай-ақ, баласын жалғыз тәрбиелеп отырған толық емес жанұялар да  қатыса алады. Олардың барлығы кем дегенде екі жыл Астана қаласында тұруы қажет.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар