Астанада балабақшаларға іріктеу басталды

2 Маусым, 2014 12:47
Бүгін №61 астаналық мектепте балабақшаларға іріктеу басталды. Осы жылы іріктеу 2-ші маусымнан бастап 2 шілдеге дейін жалғасады. Бұл үрдістен кейін ата-аналарға белгілі балабақшаға бағыт беріледі. Бұл туралы ҰБТ тапсыруды өткізуге арналған баспасөз конференциясында қалалық білім беру басқармасының жетекшісі Эльмира Суханбердиева мәлімдеді.

«№61 мектепте балаларды балабақшаларға іріктеу басталады. Өздеріңіз білетіндей, жыл сайын балабақшаға іріктеу жұмысы өтеді.Барлығы жоспармен жүзеге асуда, комиссия 17 адамнан тұрады», - деді Э. Суханбердиева.

Айта кетерлігі, комиссия балалардың жасына қарап іріктеуді реттейді. Жалпы орынның 20-25 пайызы жеңілдік арқылы берілсе, қалғаны 2-6 жас аралығындағы балалар арасында іріктеледі.

Балабақшадағы орынға бірінші кезекте I  және  II топтағы мүгедек балалар мен ата-аналар, үлкендердің қарауынсыз қалған балалар, ҰОС қатысушылары, мүгедектері, әскери адамдардың балалары   ие болады. Осыны растайтын құжаттар жұмыс кезінде қаралады.

Жұмыс комиссиясы № 61  мектепте 15.00 - 18.00-ге дейін 300 адамды қабылдайды.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар