Астанада мембағдарлама бойынша жас отбасылардан құжат қабылдау басталды

2 Маусым, 2014 12:19
Бүгін, 2014 жылдың 2 маусымы Астанада жас отбасыларға арналған жалға беру баспанасына құжат қабылдау басталды. Бағдарламаға қатысуға ниеттілер 2014 жылдың 14 маусымына дейін құжат тапсыра алады, деп Құрылысжинақбанкінің ресми порталы хабарлады.

«Биыл бағдарламаға өзгертулер енді. Пәтерге құжат тапсырып отырған жастардың жасы  29 жастан аспауы тиіс. Қажетті міндет – Астана қаласында кем дегенде екі жыл тұруы   керек», - деді Астана қаласының  баспана басқармасының жетекшісі Серік Оспанов.

2014 жылы Астана әкімдігі жас отбасыларға арналған шаршы метрі 120 мың теңге тұратын   672 пәтерді қолданысқа береді. Оның ішінде 134-і бір бөлмелі, 380-і екі бөлмелі, ал 158-і  үш бөлмелі пәтер. Қатысушылар  ұпай жинау бойынша іріктеледі. Ұпайлар көрсетілген қатысушылар тізімі Астана әкімдігінің ресми порталында жарияланады.

«Мәселен, сіз келісімді 8 жылға орнатасыз, 1 бөлмелі пәтерді жалға алсаңыз, айын сайын төленетін құн – 25 440 теңге. Ал егер, екі бөлмелі пәтер болса, ай сайын 38 мың теңге төлеу қажет, үш бөлмелі – 51 мың теңге», - деді «Құрылысжинақбанкі» орталық филиалының   клиенттермен жұмыс істеу басқармасының жетекшісі Ләззат Мұратова.

 

 

 

Барлық жаңалықтар