ХҚКО қызметкерлерін кезекті аттестациядан өткізу аяқталды

2 Маусым, 2014 11:29
ХҚКО-ның 907 қызметкері ҚР заңнамасын, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің регламенттері мен стандарттары бойынша білімдерін сынға салды.

Аталған сыннан өте  алмаған 128 қызметкерді  қызметтен босату  ұсынылды.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы азаматтардың мемлекеттік орган тарапынан ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді бір терезе арқылы  алуы үшін құрылған болатын. Сондықтан ХҚКО қызметкерлері ҚР заңнамалық базасын, мемлекеттік қызметтерді көрсету регламенті мен стандарттарын толық білулері тиіс. Біз өз қызметкерлеріміздің біліктілік деңгейлерін үнемі жетілдіріп отыру үшін оқыту-үйрету семинарлары мен тренингтерін жиі ұйымдастыруға тырысамыз. Себебі, мемлекеттік қызмет көрсету  сапасы ХҚКО қызметкерінің білімі мен біліктілігіне тікелей  байланысты» -  дейді «ХҚКО»РМК Бас директоры  Мұрат Айтуғанов.

Мұрат Айтуғановтың айтуы бойынша, емтихан тапсыру  процесінің әділ әрі ашық өтуіне  баса назар аударылды,  емтихан тапсыру процесін онлайн режимінде «ХҚКО»РМК Ахуалдық орталығының қызметкерлері мен Астана қаласындағы  «ХҚКО» РМК орталық аппаратының қызметкерлерінен құралған арнайы комиссия мүшелері бақылап отырды, деп байланыс және ақпарат министрлігінде хабарлады.

«Аттестациядан өткізу шарасы барысында ХҚКО қызметкерлеріне 60 минут уақыт берілді, осы уақыт ішінде қызметкер 60 сұраққа жауап беруі тиіс. Әрине, қызметкердің атқарып отырған лауазымына байланысты қойылатын сұрақтардың мазмұны да күрделене түседі. Аттестация нәтижесіне байланысты ХҚКО қызметкері  қызметінен босатылған жағдайда, тестілеуден 3 ай өткен соң, бос орынға жариялаған конкурсқа қатыса алады. Ол үшін қайтадан аттестациядан өтуі керек» - дейді «ХҚКО»РМК директоры.

2012 жылдан бері ХҚКО-ның 8 704 қызметкерінің 7070-і аттестацияға қатысты. Олардың 1340-і нашар көрсеткіш көрсетуіне орай, атқарып отырған қызметіне  лайықсыз деп танылды.

Барлық жаңалықтар