Мемелкеттік басқару академиясының әлеуеті Орта Азия елдерінде артуда

2 Маусым, 2014 10:35
Бүгін Орта Азиядағы Ханнс Зайдель қорының тұрақты өкілі Маес Георгтың Мемлекеттік басқару академиясына сапары барысында Академия базасында Орта Азия елдерінің мемлекеттік қызметкерлерін оқыту мен дайындау саласындағы ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.

Айта кету керек, Академияның қормен ынтымақтастығы 2009 жылғы ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюдан басталды. Соның аясында Ханнс Зайдель қоры Орта Азияның мемлекеттік қызметкерлеріне жыл сайын білім гранттарын бөледі.  

2009-2013 жылдары аралығында Академияда Хансс Зайдель қорының  гранты бойынша Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстаннан 65 мемлекеттік қызметкер білім алды.

Академияның хабарлауынша, Мемлекеттік басқару академиясында білім беретін аталмыш грант жобасы Орта Азия мемлекеттерінен де ары асып, әлемдік деңгейде танылуда. Мысалға, Әзірбайжанның мемлекеттік қызметкерлеріне 2014-2015 жылдары неміс қоры атынан үш білім беру гранты бөлінбек.

2014 жылы Қырғызстан, Тәжікстан мен Әзірбайжанның мемлекттік қызметкерлеріне тек қана 9 грант бөлінбек.  

Барлық жаңалықтар