• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сапарбаев: Интеграциялық байланыс - ШҚО агроөнеркәсіп кешенінің болашағы

Б.Сапарбаев: Интеграциялық байланыс - ШҚО агроөнеркәсіп кешенінің болашағы

2 Маусым, 2014 09:46
Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облыстық агроөнеркәсіп кешені интеграциялық байланыстардың жан-жақты пайдаларын көріп жатыр, деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.

Әкімнің айтуынша, тек соңғы екі жылда Ресей Федерациясынан біздің шаруашылыққа «Герефорд» пен «Қазақстың ақбас» тұқымдас асыл тұқымды 1 311 бас сиыры әкелінді. Жылына 120 мың көлік шығаратын «Азия-Авто Қазақстан» зауыты аралас және кешенді өндірісті қолға алуда. Онда 12 мың адам жұмыспен қамтылмақ.  Жобалық қуаттылыққа қол жеткізген жағдайда еліміздегі ірі машина жасау  саласының өнеркәсібіне айналып, ЖІӨ өсімінің бір жарым миллиардын құрап, жыл сайын бюджетке 87 млн доллар кіріс кіргізбек.

«СемАЗ» ЖШС мен «Минск трактор зауыты» РУК арасындағы келіссөз аясында «Белорус» трактор түрлерінің өндірісі жолға қойылған. 5 жыл ішінде зауыт 4900 трактор шығарды», - дейді әкім.

«Облыстың ең ірі кәсіпкерліктерінің бірі «Шығыс-Сүт» ЖШС-де «МолМаш» АҚ технологиялық құрылғылары мен қаптамалы материалдарын сатып алуда Ресей Федрациясымен ынтымақтастық құрылған.  Беларусьтан дайын өнімді қалыпқа келтіруге қажетті сүт әкелінеді. Аталмыш өнім Қазақстан мен Ресей тұтынушыларының сұранысына ие», - дейді Б.Сапарбаев.

«Тағы бір инновациялық жоба облыстағы «ҚазРосПроАрматура» Өскемен зауыты» ЖШС базасында 2012 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Онда жалпы техникалық қажеттіліктегі крандар шығарылады. Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облыстық агроөнеркәсіптік кешені интеграциялық байланыстардың жан-жақты пайдаларын көріп жатыр», - дейді облыс әкімі.

Барлық жаңалықтар