• Басты
  • Жаңалықтар
  • ЕАЭО шеңберінде біз білім сапасының жаңа деңгейіне шыға аламыз - Б.Мамраев

ЕАЭО шеңберінде біз білім сапасының жаңа деңгейіне шыға аламыз - Б.Мамраев

1 Маусым, 2014 14:06
ЕАЭО шеңберінде біз білім сапасының жаңа деңгейіне шыға аламыз, деп есептейді Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры, Еуразия халықаралық экономикалық Академиясының академигі, профессор Бейбіт Мамраев.

«Қазіргі таңда Кеден одағына мүше елдер аймағында 1600-ден аса жоғары оқу орындары қалыптасып отыр. Олар Қазақстанда - 139, Белоруссияда - 55, Ресейде - 1400 оқу ордасы. Бұл мысал алдағы кезеңде өзара білім-ғылым интеграциясы даму сатысына аяқ басқан тұста қатысушы елдердің экономикалық биіктерді бағындыруына зор үлес қосатын сауатты мамандар легі келе жатқанын көрсетсе керек», - деп Б. Мамраев ағынан жарылды.

Профессордың айтуынша, білім - ғылым интеграциясы жағдайында өзгелермен тереземіз тең болу үшін біз ғылыми ізденістер мен зерттеулерге қаржыны жеткілікті дәрежеде бөлуіміз қажет.

«Осылайша келешекте білім мен ғылым саласына баса назар аудара отырып, біз отандық білім беру жүйесін нығайтумен қатар, жас мамандарды даярлау, олардың халықаралық дәрежедегі білім деңгейін өсіру, экономикалық интеграция жағдайындағы сұранысының артуын да жүйелеуге қол жеткіземіз», деді сөз соңында ректор.

Барлық жаңалықтар