Астанада саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына тағзым етілді

1 Маусым, 2014 11:54
АЛЖИР мемориалды-мұражайында зұлмат заман құрбаны болған бабалардың құрметіне митинг өтті және Еске алу тақтасының алдына гүл шоқтары қойылды.

Шараға әкімдіктің, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, дипломаттар, репрессияға ұшырағандардың ұрпақтары қатысты, деп «Бәйтерек» медиа-орталығынан хабарлады.

Митинг аясында мұражайдың арнайы залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, «Алжирдің танымал есімдері» деген атпен көрме ұйымдастырылды.

Бұдан басқа, келеміндеушілер үшін  Сәкен Сейфуллин мұражайы да өз есігін айқара ашты. Сәкен Сейфуллиннің ескерткішінің алдында астаналық  студенттер саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарының рухына  тағзым етті.

Ал, «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына тағзым» монументінің алдына гүл шоқтары және Қалибек Қуанышбаев атындағы драм театрдың әртістері Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» спектакілін қойды. 

Барлық жаңалықтар