• Басты
  • Жаңалықтар
  • Арменияның ЕАЭО-ға қосылу шарты шілде айына дейін дайын болады – А. Қожақов

Арменияның ЕАЭО-ға қосылу шарты шілде айына дейін дайын болады – А. Қожақов

31 Мамыр, 2014 12:58
Арменияның ЕАЭО-ға қосылу шарты шілде айында аяқталады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің Айырықша істер жөніндегі елшісі Асан Қожақов мәлім етті.

«29 мамыр күні Президенттер Арменияның ЕАЭО-ға қосылу шешіміне қол қоды. Ол 2014 жылдың шілде айына дейін Арменияның ЕАЭО-ға қосылуы шарты дайын болатындығын білдіретін-ді.  Шарттың 99 пайызы дайын. Тек қана техникалық бірнеше сұрақтар бар. Армения да Жол картасы қарастыратын шаралардың 99 пайызын орындады», - деді ол.

«Армения еуразиялық одаққа кіруге ниетті болғандықтан, заңнамалық және инфрақұрылымдық тарапы жағынан еуропалық пішінге сәйкестендірілген болатын. Демек, ел бұл үрдіске дайын болып, барлық шараларды жылдам аяқтады», - деді А. Қожақов.

Оның айтуынша, алдағы 2-3 аптада талқыланатын жеке мәселелер бар.

«Бұл негізгі мәселелер емес. Бірақ, жеке тауарлардың енуіне тікелей байланысты. Соңғы келіссөздер аясында бұл сұрақтар шешімін тапты енді оларды мақұлдап техникалық сүйемелдеу ғана қалды», - деді ол.

Мадина Нұрбекова

Барлық жаңалықтар