- Басты
- Жаңалықтар
- ЕАЭО Келісімі Парламент қарауына қыркүйекте енгізіледі-СІМ
ЕАЭО Келісімі Парламент қарауына қыркүйекте енгізіледі-СІМ
31 Мамыр, 2014 12:44
Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шарт Парламент қарауына қыркүйекте енгізіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде ҚР Сыртқы істер министрлігінің Айырықша істер жөніндегі елшісі Асан Қожақов мәлім етті.
«2015 жылдың бірінші қаңтарынан Еуразиялық экономикалық одақ жұмысын бастайды. Біріншіден, бізге шартты Парламенттің қарауына енгізу қажет болады. Яғни, ратификациялау процесін бастаймыз. Бұл процесс қыркүйек айында басталып, бір-екі айға созылады. Бұл шарт ауқымды құжат, 1000 бетке жуықтайды. 28 тарау, 118 бап және 33 қосымшадан тұрады. Парламентте құжат жан-жақты талқыланып, мұқият сараланатыны сөзсіз», - деп хабарлады Асан Қожақов.
Оның айтуынша, бұл жұмысқа барлық мемлекеттік органдар тартылады
«Оларың ұсыныстары – Келісімнің интеграциялық үрдістері бойынша жұмыс істеп жатқан келіссөз жүргізушілерінің басты негізі», - деді ол.
Мадина Нұрбекова
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
Тоқаевтың төрағалығымен ЕАЭО елдері басшыларының отырысы өтіп жатыр -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
ЕАЭО нарығы: Өнім сапасына қатысты заң жобасының мүмкіндіктері -
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ» -
Парламент Мәжілісі төрағасы сайланды -
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы -
Тоқаев: Парламент қоғамдағы даулы мәселелерді шешетін орынға айналу керек -
Қ.Тоқаев Парламенттің VII шақырылымының алғашқы сессиясын ашты