Тараз университетінде ЕАЭО құрылуы талқыланды

31 Мамыр, 2014 15:42
Студенттер мен оқытушылар ЕАЭО аясындағы республиканың экономикалық әлеуетін талқылады.

Өз сөзінде оқытушы  Ұ. Орынбаев Еуразиялық экономикалық одақ ең бірінші кезекте экономикалық интеграция, деп «Нұр Отан» партиясының ресми порталы хабарлады.

«Еуразиялық экономикалық одақ – негізі бар одақ. Біздің мемлекет Еуразиялық экономикалық қауымдастықтан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына өтті. Идеяны ұсынғаннан кейін  20 жыл өткен соң, 29 мамыр күні шарықтау шегіне жетіп, үш ел президенті ЕАЭО туралы келісімге қол қойды», - деді ол.

Бұл өндірістік кооперациялардың құрылуына, бірлескен кәсіпорындардың ашылуына септігін тигізеді.

«Экономика және бизнес» факультетінің деканы Е. М. Уркунчиев интеграция аясында макроэкономикалық жетістікке әкелетін бірнеше мысал келтірді. Олар: тауар бағасының түсуі, КО елдері нарығындағы бәсекелестіктің нығаюы, еңбекақының көбеюі. 

Барлық жаңалықтар