- Басты
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 80 жылдық мерейтойын тойлауда
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 80 жылдық мерейтойын тойлауда
Оқу ордасында еңбек жолын жалғастырған ұстаздарды, студенттерді шаһар басшысы Ахметжан Есімов, ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми, сондай-ақ, университетті тәмәмдаған белгілі шәкірттері құттықтады,деп қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Ахметжан Есімов Қазақстан Республикасының Президентінің құттықтау сөзін оқып берді.
«Ұлы бабамыз әл – Фараби ғұламаның есімімен аталатын бұл университет – еліміздегі жоғары оқу орындарының көшбасшысы. Университетте тәуелсіздік жылдарында студенттерге білім берудің сапасын, ғылыми зерттеулердің нәтижесін арттыру орайында қыруар жұмыстар атқарылды. Соның нәтижесінде оқу орнының материалдық базасы едәуір нығая түсті. Жыл сайын көптеген озат мектеп түлектері мен грант иелерінің білім жолын жалғастыру үшін осы университетті таңдауы және елімізде оны бітірушілерге сұраныстың жоғары болып отыруы жүргізіліп жатқан жұмыстардың дұрыс бағытта екендігін көрсетеді», - құттықтауда делінген.
Сондай-ақ, бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қабырғасында «Керемет» Студенттерге қызмет көрсету орталығының тұсаукесері өтті. “Бір терезе” қағидаты бойынша қызмет көрсететін орталықта студенттер әлеуметтік маңызы бар ақпараттарға қол жеткізе алады.
Айта кетерлігі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әлемдік ғылыми қауымдастығында жоғары деңгейдегі нәтиже көрсетуде. ЖОО әлемді мойындатқан 300 университет тізімінде.
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Бұқаралық спортты дамыту, цифрландыру және 30 жылдыққа орай ұйымдастырылатын шаралар -
Елордада Салтанат Рақымбекова атындағы аллеяға 110 түп ағаш отырғызылды -
Жаңа театр ғимаратындағы - жаңа премьера -
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды -
«Жыр алыбы-175»: Жамбыл Жабаевтың мерейтойына орай ұйымдастырылатын шаралар -
Елордада 1980 адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды -
Мұнай өндірудің қысқаруы, жылдық инфляцияның баяулауы және әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткіштері -
Пандемия кезінде ҚазҰМУ 150 мыңға жуық медициналық қызмет көрсетті – ректор -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
Қазақстан университеттері мен колледждерінде сыбайлас жемқорлық деңгейі қандай -
42500 теңге 880 мың адамға тағайындалды -
Асқар Мамин бірінші жартыжылдықты қорытындылады -
Екінші жартыжылдықта оң көрсеткіштер болады деп сенейік – сарапшы